Тіркелгі

«Тіркелгі» бетінде тіркелгі параметрлерін жаңартуға, тапсырыстарды көруге, байланысу параметрлерін басқаруға және қотарған бағдарлама үшін өнім кілттерін табуға болады. Сондай-ақ, «Тіркелгі» бетінен сатып алған бағдарламаны қотаруға болады.

Microsoft тіркелгісі

Тіркелгі бөлімін пайдалану үшін тегін Microsoft тіркелгіңізге кіруіңіз керек. Егер сізде Microsoft тіркелгісі болмаса, тапсырыс берген кезде сізде оны жасау опциясы болады.

Тіркелгіде сақталған ақпаратты болашақ тапсырыстар үшін пайдалануға болады. Майкрософт құпиялылығыңызды қалай қорғайтыны туралы қосымша мәліметтерді Microsoft желілік құпиялылық туралы мәлімдемесі бөлімінен қараңыз.

Бірнеше Microsoft тіркелгісі

Басқа Microsoft тіркелгі деректерімен кірсеңіз, сізде бірнеше Microsoft Store тіркелгісі болады, бірақ ақпарат тіркелгілер арасында ортақ пайдаланылмайды. Мысалы, бір электрондық пошта мекенжайымен кірсеңіз, шығып және басқа электрондық пошта мекенжайымен кірсеңіз, бұл ақпарат қол жетімді болмайды.

Қотарулар + өнім кілттері

Бағдарламаны сатып алу аяқталғанда қотаруға болады, сондай-ақ, оны кейінірек тіркелгіңіздің «Қотарулар + өнім кілттері» бөлімінен қотаруға болады. Жай элементті тауып, қотарылатын бағдарлама тақырыбының жанында «Қотару» сілтемесін нұқыңыз. Қотарылған бағдарламаны орнату үшін қажет өнім кілттерінің барлығы тіркелгіңіздің осы бөлімінде тізілген. Өнім кілттері — орнату процесі кезінде немесе пайдалану алдында бағдарламада енгізу керек әріптер мен сандардың жолдары. Өнім кілттерінсіз қотарылатын бағдарламаны орната алмайсыз. Microsoft Store торабынан қотарылатын бағдарламаны сатып алғанда, өнім кілттері «Қотарулар + өнім кілттері» бетінде сақталады.

Тапсырыстар журналы

Бұрынғы тапсырыстар туралы мәліметтерді «Тапсырыстар журналы» бетінде оңай көре аласыз. Microsoft Store торабынан тапсырыс берген өнімдер туралы ақпаратты табасыз, мысалы, тапсырыс күнін, әр тапсырыспен байланысты шот жіберілетін мекенжайды, тапсырыс нөмірін, тапсырыс қорытындыларын және тапсырыс күйін.

Төлем

Тіркелгіде бірнеше төлем әдісін сақтауға болады – несиелік карта нөмірлері, мерзімі біту күндері және шот жіберілетін мекенжайлар. Содан кейін, сатып алып жатқанда, жай нақты тапсырыс үшін пайдаланғыңыз келетін төлем әдісін таңдаңыз. Қауіпсіздік үшін несиелік картаның соңғы төрт саны ғана көрсетіледі.

Төлем туралы ақпаратты қосу үшін:

  1. Карта нөмірі өрісінде несиелік картаңыздың нөмірін енгізіңіз.
  2. Сәйкес ашылмалы тізімдерде мерзімі біту айын (АА) және жылын (ЖЖЖЖ) таңдаңыз.
  3. Ашылмалы тізімнен шот жіберілетін мекенжайды таңдаңыз. Тізім енгізілген сатып алу мекенжайларының бәрін көрсетеді. Сондай-ақ, мекенжайлар тізімінде жоқ жаңа мекенжайды енгізу үшін тізімнен «Жаңа мекенжай» пәрменін таңдауға болады.

Қосымша қауіпсіздік үшін картаны тексеру мәні (CVV) нөмірі несиелік картамен бірге сақталмайды. Оны тек сатып алғанда енгізесіз.

Төлем туралы ақпаратты қосқанда жаңа шот жіберілетін мекенжайды қоссаңыз, бұл мекенжай басқа мекенжайлармен бірге сақталады.

Төлем туралы ақпаратты өңдеу үшін:

  1. Төлем түрлерінің тізімінде өңдеу керегін табыңыз.
  2. Өңдеу пәрменін таңдаңыз.
  3. Өңдеу керек ақпарат үшін жаңа мәндерді теріңіз.

Мекенжайлар

Тіркелгіде қалауыңызша көп мекенжайды сақтай аласыз. Содан кейін, сатып алуды орындағанда, жалпы соманы есептеу және чек алу бетінде, пайдалану керек мекенжайды таңдаңыз.

Мекенжайды қосу үшін:

  1. Беттің «Мекенжайлар» бөліміндегі пішінді толтырыңыз. Міндетті өрістер жұлдызшамен (*) белгіленеді.

    ӨРІС АТАУЫ ӨРІС СИПАТТАМАСЫ
    Аты*Есеп-шот алушыға берілген ат. Егер 20 таңбадан ұзын болса, жай бірінші 20 таңбасын енгізіңіз.
    Тегі*Есеп-шот алушының тегі. Егер 20 таңбадан ұзын болса, жай бірінші 20 таңбасын енгізіңіз.
    1-есеп-шот жіберілетін мекенжай*Мекенжай. Егер мекенжай 60 таңбадан ұзын болса, мекенжайдың қалған бөлігін «2-мекенжай жолы» өрісінде енгізіңіз.
    2-есеп-шот жіберілетін мекенжай Міндетті емес. Ең көбі 40 таңба.
    Қала*Мекенжайдың қаласы.
    Облыс/аймақ*Ашылмалы тізімнен облыс/аймақты таңдаңыз. Тізімде облыс/аймақтың бірінші әрпін теру арқылы сол орынға өтуге болады.
    Пошталық индекс*Пошталық индексті енгізіңіз.
    Телефон*Телефон нөмірі, соның ішінде, аймақ коды. Мысалы, 5555555555. Телефон нөмірі тапсырыспен қандай да мәселелер бар болғанда қажет.
    Атау/түсінікті атау*Мекенжайды анықтау үшін 64 таңбаға дейінгі мәтінді енгізуге болады, мысалы, «Үй мекенжайы».
  2. Жіберу түймешігін нұқыңыз

Мекенжайды өңдеу үшін:

  1. Мекенжайлар тізімінде өңдеу керек мекенжайды табыңыз
  2. Осы мекенжайды өңдеу пәрменін таңдаңыз
  3. Пішінде өзгерту керек мәндерді өңдеңіз
  4. Жіберу түймешігін нұқыңыз

Мекенжайды жою үшін:

Жойғаннан кейін мекенжай жаңа тапсырыс берген кезде таңдау үшін қол жетімді болмайды.

  1. Мекенжайлар тізімінде жою керек мекенжайды табыңыз.
  2. Мекенжайды жою пәрменін таңдаңыз.
  3. «Осы мекенжайды жою керек пе?» растауды шақыруында OK түймешігін нұқыңыз

Профайл

Қотару менеджерін немесе бекітілген шолғышпен қотаруды пайдалану-пайдаланбауды және жарнамалық электрондық пошта алу-алмауды таңдауға болады.

Жаршы + арнайы жарнамалар

Microsoft Store торабы кезеңді түрде жарнамалық электрондық хаттарды жібереді.

  • Microsoft Store торабындағы арнайы жарнамалар және ақпарат бар кезеңді электрондық хаттарды алу үшін Иә, хабарларды алғым келеді құсбелгісін қойыңыз.

Байланысу электрондық поштасы

Электрондық пошта тапсырыс растаулары және жарнамалық материал (егер оларды алуды таңдаған болсаңыз) Microsoft тіркелгісіндегі электрондық поштаңызға жіберіледі. Қорытынды бағаны есептеу және чек алу процесі кезінде сол тапсырысты растау электрондық хаттары үшін басқа электрондық пошта мекенжайын енгізуге болады.

Сақталған тізімдер

Microsoft store торабы элементтерді сатып алу картында сақтауға мүмкіндік береді.

Сақталған картты көру үшін:

  1. Беттің жоғарғы жағында «Тіркелгі» сілтемесін нұқыңыз.
  2. Store тіркелгісіне кірмеген болсаңыз, сізден Live ID идентификаторымен кіру сұралады.
  3. Оң жақта «Сақталған карт» түймешігін нұқыңыз.
  4. «Сақталған карт» бетінде сатып алу картында сақтаған элементтерді көресіз.

Жазылымдар

Егер жазылымды Microsoft Store торабы арқылы сатып алған болсаңыз, жазылымдарды кез келген беттің жоғарғы жағында «Тіркелгі» сілтемесін нұқу, сөйтіп «Жазылымдар» параметрін таңдау арқылы басқара аласыз. Сатып алумен байланысты Live ID идентификаторымен кіру керек.

«Жазылымдар» беті мыналарға мүмкіндік береді:

  • Барлық жазылым сатып алуларын, сатып алу күндерін, іске қосу кодтарын және жазылымдардың мерзімі біту күндерін көру.
  • Жазылымды іске қосу: «Іске қосу бетіне қазір өту» пәрменін таңдаңыз
  • Жазылымды жаңарту: «Жазылымды жаңарту» пәрменін таңдаңыз