Қайтарулар / қайтарып берулер

Өнімді қайтару алдында

Өнімде мәселелер болып жатса, оны қайтару алдында басқа параметрлер болуы мүмкін:

  • Microsoft қолдау веб-сайтынан желілік анықтаманы табу
  • Сұрақты Microsoft талқылау топтарына жіберу
  • Cату және қолдау бетінде орналасқан тұтынушыларды қолдау қызметінің нөміріне қоңырау шалу арқылы жеке өнімге қатысты техникалық қолдау алу, тапсырысыңыз туралы сұрақтармен немесе бағдарламаны қотару және орнатуда анықтама алу үшін бізбен байланысыңыз

Қайтару саясаты

Microsoft Store торабының толық қайтару саясаты Пайдалану және сату шарттары тармағында берілген. Қайтару саясаты заң бойынша болуы мүмкін кез келген заңды қайтару құқықтарға қосымша беріледі.

Он төрт (14) күнтізбелік күн ішінде сатып алу келісімінен бас тартып, себепті айтусыз қайтарып беруді сұрауға болады. Бас тарту кезеңі төмендегі күннен он төрт (14) күннен кейін өтеді:

  1. (i) ESD өнімдері мен қызметтері үшін, өнім қотаруға қол жетімді етілгенде немесе қызмет басталғанда; және
  2. (ii) Физикалық өнімдер үшін, жеткізу.

Егер елдің тиісті заңы ұзағырақ бас тарту кезеңін берсе, сол кезең қолданылады.

Бас тарту құқығыңызды пайдалану үшін бас тарту кезеңі өтпей тұрып бізді хабардар етуіңіз керек. Бізге шешіміңіз туралы хабарлау және төменде сипатталған қайтару процесін бастау үшін біздің Сату және қолдау бетіндегі тұтынушыларды қолдау қызметінің нөміріне қоңырау шалу арқылы бізбен байланысыңыз.

Қайтару мен ауыстыруға жарамды өнімдер

Microsoft Store сіздің сатып алуға қанағаттануыңызды қалайды. Біз төмендегі шарттарға сай элементтерді қайтаруды және алмастыруды қабылдаймыз.

Қайтару шарты ретінде және заң рұқсат еткен дәрежеге дейін келесі талаптар қолданылады. Барлық өнімдерді тиісті күтіммен қайтару керек (мысалы, тозу немесе зақымдалу белгілері көрінбеуі керек және бізге оны қайта сатуға мүмкіндік беретін күйде болуы керек). Бүкіл қораптағы бағдарламаларды және бейне ойындарын пломбасы тимеген түрде қайтару керек. Қызметтер үшін қызмет жеткізілмеген немесе сіз оны тұтынбаған болуыңыз керек. ESD өнімдері үшін, біз, сонымен бірге, осы келісімнен бас тартудың шарты ретінде бұзу туралы электрондық хатқа қол қоюды талап етуіміз мүмкін.

Барлық қайтаруларда бастапқы түбіртек немесе сыйлық түбіртегі, бастапқы құжаттама, пайдалану нұсқаулықтары, тіркеу, бөліктер мен құрамдастар (соның ішінде, кабельдер, контроллерлер және қосымша құралдар) және өндірушінің орамасы болуы керек. Тиісті заң бойынша, мұндай элементтерді қоспау қайтарып беруді немесе алмастыруды болдырмауы немесе кідіртуі я болмаса қосымша ақы алуға әкелуі мүмкін, әрі Майкрософт корпорациясы қайтару шарттарына сай болмаса кез келген қайтарудан немесе алмастырудан бас тарту құқығын сақтайды.

Қайтару үрдісі

Алдын ала тапсырысты болдырмау үшін:

Алдын ала тапсырысты өнім шығарылмай тұрып кез келген уақытта Сату және қолдау бетінде орналасқан тұтынушыларды қолдау қызметінің нөміріне қоңырау шалу арқылы болдырмауға болады. Тапсырыс қотару немесе жіберу үшін қол жетімді етілгеннен кейін қалыпты қайтару саясаттары қолданылады.

Жазылымнан немесе қызметтер бас тарту үшін:

Бізге Сату және қолдау бетінде орналасқан тұтынушыларды қолдау қызметінің нөміріне сатып алудан кейін он төрт (14) күн ішінде қоңырау шалыңыз.

Қотарылатын бағдарламаны қайтару үшін:

  1. Тапсырыс соңғы он төрт (14) күн ішінде берілгенін растаңыз.
  2. Бағдарламаны компьютерден жойыңыз:
    • Windows 7 және Vista жүйелерінде: Басқару тақтасында «Бағдарламалар мен мүмкіндіктер» тармағына өтіңіз де, «Бағдарламаны жою» түймешігін нұқыңыз.
    • Windows XP жүйесінде: Басқару тақтасында «Бағдарламаларды қосуару » тармағына өтіңіз де, «Бағдарламаны жою» түймешігін нұқыңыз.
  3. Сатып алудан кейін он төрт (14) күн ішінде қайтаруды сұрау үшін Сату және қолдау бетінде орналасқан тұтынушыларды қолдау қызметінің нөміріне қоңырау шалыңыз. Сізден бағдарламаны жойғаныңызды және ешбір көшірмелер жасамағаныңызды растау сұралады. Сондай-ақ, сізден қайтарудың шарты ретінде электрондық жою хатына қол қою сұралуы мүмкін. Тұтынушыларға қызмет көрсету орталығының агентімен сөйлескеннен кейін өнім кілтіне тыйым салынады және сіз бағдарламаны болашақта орната немесе пайдалана алмайсыз. Microsoft Store торабы элементті сатып алу үшін пайдаланған сатып алу әдісімен несиені шығарып, сізге қайтару түбіртегін электрондық пошта арқылы жібереді.

Біздің пайдалану және сату шарттарымыз бойынша қайтаруға немесе алмастыруға жарамды физикалық/қотарылмайтын өнімді қайтару үшін:

  1. Жеткізу күнінен кейін он төрт (14) күннен кеш емес Қайтарылатын материал рұқсатын (RMA) және қайтару жіберу жапсырмасын сұрау үшін Сату және қолдау бетінде орналасқан тұтынушыларды қолдау қызметінің нөміріне қоңырау шалыңыз.
  2. Біз алынғанда элементтерді тексереміз және олар Пайдалану және сату шарттары бойынша қайтаруға немесе алмастыруға жарамды болса, Microsoft Store торабы алмастыруды орындайды немесе элементті сатып алу үшін пайдаланған төлем әдісімен несие шығарады және қайтару түбіртегі электрондық хатын жібереді.

Қайтару күйі

Сату және қолдау бетінде орналасқан тұтынушыларды қолдау қызметінің нөміріне қоңырау шалыңыз.