Microsoft Store пайдалану

Microsoft Store Майкрософт өнімдерінің бүкіл қатарын өзіңіз сенетін орыннан сатып алуға мүмкіндік береді.

Майкрософт өнімдерін сатып алатын орынды қамтамасыз етуге қоса, Microsoft Store торабы тапсырыстар журналын және болашақ сатып алулар үшін шот жіберу ақпаратын көруге, қотарылған бағдарламаның өнім кілттерін сақтауға және сатып алған бағдарламаны қайта қотаруға мүмкіндік береді.

Шолғыш талаптары

Ең жақсы тәжірибе үшін:

  • Internet Explorer 6 немесе одан жоғары нұсқамен үйлесімді шолғышты пайдаланыңыз
  • JavaScript және «cookie» файлдарын қосыңыз

Қандай шолғышты пайдалансаңыз да, кіру және сатып алулар жасау үшін онда JavaScript және «cookie» файлдары қосылған болуы керек. Егер JavaScript немесе «cookie» файлдары қосылмаған болса, Microsoft тіркелгіңізге кіруге тырысқанда, қате туралы хабарды көресіз. JavaScript және «cookie» файлдарын қосу жолын шолғыш құжаттамасында қараңыз.

Кіру

Элементтерді шолуды және сатып алу картына қосуды кірусіз орындауға болады. Сатып алған уақытта, сізден бар Microsoft тіркелгісі идентификаторыңызбен кіру немесе жаңа Microsoft тіркелгісі идентификаторын тіркеу сұралады. Содан кейін Store торабына сатып алу немесе тіркелгі ақпаратын тексеру үшін оралғанда Microsoft тіркелгісі идентификаторыңызбен кіресіз.

Microsoft Store торабындағы тіркелгіде сақтауды таңдаған ақпаратты болашақ тапсырыстарды беру үшін пайдалануға болады. Майкрософт құпиялылығыңызды қорғауға қалай көмектесетіні туралы қосымша мәліметтерді Microsoft желілік құпиялылық туралы мәлімдемесібөлімінен қараңыз.

Ескерім:құпия сөзді жоғалтсаңыз,ҚҰПИЯ СӨЗДІ ҰМЫТТЫҢЫЗ БА? сілтемесін пайдаланыңыз.ОлҚҰПИЯ СӨЗөрісінің астында орналасқан.

Бірнеше Microsoft Тіркелгіcі

Басқа Microsoft тіркелгі деректерімен кірсеңіз, сізде бірнеше Microsoft Store тіркелгісі болады, бірақ ақпарат тіркелгілер арасында ортақ пайдаланылмайды. Мысалы, бір электрондық пошта мекенжайымен кірсеңіз, бұл ақпарат шығып, басқа электрондық пошта мекенжайымен кірсеңіз қол жетімді болмайды.

32 және 64 биттік өнімдер арасында таңдау

Сатып алатын бағдарлама түрін анықтау үшін:

  • Windows Vista және Windows 7 жүйелеріндеКОМПЬЮТЕРбелгішесін немесе Windows XP жүйесіндеМЕНІҢ КОМПЬЮТЕРІМбелгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз, сөйтіпСИПАТТАР тармағын нұқыңыз
  • ЖҮЙЕ ТҮРІтармағын қараңыз. Бұл компьютерде 32 биттік немесе 64 биттік амалдық жүйе пайдаланылып жатқанын көрсетеді (32 биттік компьютерлерде «x86» белгісін немесе 64 биттік компьютерлерде «x64»белгісін көресіз)

Қосымша ақпаратты мына мақалада қараңыз: Компьютерде 32 биттік нұсқа немесе 64 биттік нұсқа орнатылғанын анықтау жолы беті, Microsoft қолдау сайты.

Сатып алу картын пайдалану

Сатып алу картын пайдаланып элементтерді сатып алу үшін:

  1. Сатып алу керек элементті табыңыз.
  2. КАРТҚА ҚОСУтүймешігін нұқыңыз.
  3. Қажет болса, сатып алу картына элементтерді қосуды жалғастыра аласыз.
  4. Сатып алу картына элементтерді қосуды аяқтағанда,Жалпы соманы есептеу және чекті алутүймешігін нұқыңыз.
  5. Жалпы соманы есептеу және чекті алу беттеріндегі нұсқауларды орындаңыз.

Сатып алу картында немесе жалпы соманы есептеу және чекті алу барысында тапсырысты өзгерту үшін:

  • Элементті жою үшін элемент астындағыЖОЮсілтемесін нұқыңыз
  • Бір элементтің бірнеше санын сатып алу үшінМөлшерашылмалы тізімінде санды таңдаңыз

Әлеуметтік желілер

Ортақ пайдалануға тұрарлық тамаша ұсынысты таптыңыз ба? Электрондық пошта, Twitter және Facebook арқылы Microsoft Store өнімдерін достармен және жанұямен ортақ пайдаланыңыз.

  1. Ортақ пайдалану керек өнімді таңдаңыз.
  2. Өнім бетінің оң жағында тиісті белгішені таңдаңыз.
  3. Сілтемені электрондық поштамен жіберуге я болмаса Facebook немесе Twitter бетінде жариялауға болады.