Пайдаланудың және сатудың шарттары

Жаңартылған: қазан, 2013 ж


www.microsoftstore.com («Microsoft дүкені» немесе «Веб-сайты») орналасқан Microsoft Online дүкеніне қош келдіңіздер! Microsoft дүкені — ол Microsoft Luxembourg S.а.r.l. компаниясы жасаған веб-сайт.


Егер бағдарламалық жасақтаманың электронды жүктеулерін сатып алсаңыз, онда 23-29, Rives de Clausen L-2165 Люксембург мекенжайы бойынша орналасқан Luxembourg S.а.r.l. компаниясымен келісім шартқа отырасыз. Егер басқа өнімдерді сатып алсаңыз, Atrium Building, Block B, Carmanhall Road, Sandyford Business Estate, Dublin 18, Ирландия («Microsoft,» «Біз,» «Бізге,» «Біздің») мекенжайы бойынша орналасқан Microsoft Ireland Operations Limited компаниясымен келісім шартқа отырасыз.


Егер бір мезетте веб-сайттан электрондық бағдарламалық жасақтаманың жүктеулерін және басқа өнімдерді сатып алсаңыз, онда жоғарыда көрсетілген Microsoft корпорациясының тарапынан сатып алуды растайтын бөлек құжатты алуыңызға болады және кредиттік картаңыздың операторы сәйкес Microsoft компаниясына жасаған бөлек төлеулерді көрсете алады.


Microsoft дүкені арқылы, Microsoft корпорациясы түрлі ресурстарға, оның ішінде, веб-сайтқа, бағдарламалық жасақтама туралы ақпаратқа, қол жетімді болатын не болмайтын қызметтер мен басқа тауарларға, жүктеу аумақтарына, бағдарламалық жасақтамаға және құралдарға (сондай-ақ, «Қызметтер») кіруді ұсынады. Қызметтер, оның ішінде, қандай да бір жаңартулар, жақсартулар, жаңа мүмкіндіктер және/немесе қандай да бір жаңа веб-сипаттарының қосымшасы Пайдалану және сату шарттарына сай болуы керек («Пайдалнудың және сатудың келісім шарттары» немесе «Келісім шарт». Веб-сайтты пайдалану, Microsoft дүкенінен өнімдерді сатып алу немесе кез келген Қызметтерді пайдалану арқылы осы Пайдаланудың және сатудың келісім шарттарын қабылдап және келісесіз, Microsoft корпорациясының құпиялық туралы мәлімдемесі (төмендегі ҚҰПИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЖЕКЕ АҚПАРАТТЫ ҚОРҒАУ бөлімін қараңыз), және мезгіл мен шарттар, саясаттар немесе бас тарту туралы арыздар сейкес гиперсілтемелерде («Microsoft дүкенінің саясаттарымен» бірге) қол жетімді. Сондай-ақ, Microsoft дүкенінің саясаттын Microsoft дүкенінде табуға болады. Microsoft дүкенінің саясаттарын мұқият оқуды ұсынамыз.


Назар аударыңыз, егер еліңізде немесе аймағыңызда орналасқан Microsoft Retail дүкені болса, онда басқа саясаттары болуы мүмкін.


Егер Microsoft корпорациясына төлесеңіз, сізге мына шарттар қолданылады

  1. ЖЕКЕ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША ШЕКТЕУЛЕР

    Басқаша көрсетілмеген жағдайда, Microsoft дүкені және қызметтері жеке және коммерциялық емес пайдалануға арналады. Microsoft дүкенінен немесе қызметтерінен алынған кез келген ақпаратты немесе қызметтерді коммерциялық түрде таратуға, жариялауға, лицензиялауға немесе сатауға құқығыңыз жоқ.


  2. MICROSOFT ДҮКЕННІҢ ВЕБ-САЙТЫНДА ҚОЛ ЖЕТІМДІ ҚҰЖАТТАРҒА ҚАТЫСТЫ ЕСКЕРІМ

    Microsoft дүкенінен эәне қызметтерінен алынған құжаттарды (мысалы, ресми құжаттар, пресс-релиздер, деректер кестелері және жиі қойылатын сұрақтар) пайдалану рұқсаты келесі (1) авторлық құқықтың жазбасы болған кезде ғана ұсынылады: «© 2013 Microsoft корпорациясы. Барлық құқықтары қорғалған.» авторлық құқық барлық көшірмелерде пайда болатын және авторлық құқық пен осы рұқсат ескерімі шығатын жағдайда, (2) мұндай Құжаттарды Microsoft дүкенінен немесе қызметтерінен пайдалану ақпараттық және коммерциялық емес немесе жеке пайдалану үшін ғана жүзеге асырылатын және басқа кез келген желілік компьютерде көшірілмейтін немесе орналастырылмайтын не кез келген құралда таратылмайтын жағдайда, егер авторлық құқық заңын қолдануға сәйкес босатылмаған жағдайда және (3) Құжаттарға ешбір өзгерту енгізілмейтін жағдайда беріледі. Сәйкес ресми аккредитацияланған бастапқы және қайталама мекемелері, университеттер сияқты білім беру институттары, университеттер, жеке/мемлекеттік колледждер, жергілікті колледждер сыныптарда таратуға арналған Құжаттарды жүктеу және қайта шығару құқығына ие. Сыныптан тыс тарату Microsoft корпорациясының нақты жазбаша рұқсатын қажет етеді. Басқа кез келген мақсатта пайдалануға нақты заңмен тыйым салынады, әрі қатаң азаматтық және қылмыстық жазаға әкелуі мүмкін. Құқық бұзушылар ықтимал ең қатаң жазаға тартылуы мүмкін.


    Жоғарыда көрсетілген құжаттар Microsoft.com веб-сайты, Веб-сайтты немесе басқа кез келген Microsoft иелік ететін, жұмыс істейтін, лицензиялаған немесе оның бақылауындағы веб-сайттың жасақтамасы немесе үлгісін қамтымайды. Microsoft веб-сайттарының элементтері, сондай-ақ Веб-сайттар орауышында сауда белгісімен, әділетсіз бәсекелестік туралы және басқа заңдармен қорғалады және оларды толығымен немесе бөлшектеп көшіруге немесе қолдан жасауға болмайды. Microsoft корпорациясы нақты рұқсат бермейінше, ешбір логотипті, графикті, дыбысты немесе кескінді Microsoft корпорациясының кез келген веб-сайтынан көшіруге, қайта беруге болмайды немесе егер Microsoft корпорациясы немесе заңнама рұқсат берсе, ұсынылады.


    Microsoft дүкенінде немес е қызметтерінде жарияланған құжаттар мен оған қатысты графикатерде техникалық сәйкессіздіктер мен типографиялық қателер болуы мүмкін. Осы құжаттағы ақпаратқа өзгерістер уақытылы енгізіліп тұрады. MICROSOFT корпорациясы және/немесе оның сәйкес жеткізушілері осы құжатта сипатталған өнімге(өнімдерге) және/немесе бағдарламаға(бағдарламаларға) жақсартулар және/немесе өзгертулер енгізуге құқылы.


  3. МҮШЕЛІК ТІРКЕЛГІ, ҚҰПИЯ СӨЗ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК

    Егер Microsoft дүкенінің немесе қызметтерінің кез келгені сізден тіркелгі ашуды талап етсе, сіз қолданыстағы тіркеу үлгісімен сұралғандай, бізді ағымдағы, толық әрі дәл ақпаратпен қамтамасыз ете отырып, тіркеу үрдісін аяқтауға тиіссіз. Сонымен қатар, құпия сөз және пайдаланушы атын таңдауыңызға болады. Сондай-ақ, тіркелгіні ашудың шарты негізінде қызмет көрсету туралы келісім шартын немесе пайдаланудың бөлек шарттарын қабылдауыңыз қажет. Сіз тіркелгі ақпаратыңыз бен құпия сөзді құпия сақтауға және тіркелгіңізде орын алатын барлық іс-әрекеттер үшін жауаптысыз. Сіз Microsoft корпорациясын тіркелгіңіздің қандай да бір рұқсатсыз пайдаланылғаны немесе қауіпсіздіктің басқа қандай да бір жолмен бұзылғаны туралы кешіктірусіз хабарлауға келісім бересіз.


  4. ЗАҢҒА ҚАЙШЫ НЕМЕСЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАТЫН ПАЙДАЛАНУ

    Қызметтерді пайдаланудың талабы ретінде сіз Қызметтерді заңсыз және осы шарттармен, талаптармен және ескерімдермен тыйым салынатын кез келген мақсатта пайдаланбауға кепілдік бересіз. Сіз Қызметтерді Microsoft серверіне немесе Microsoft серверіне қосылған желі(лер)ге зиян келтіретін, істен шығаратын, шамадан тыс жүктейтін немесе бүлдіретін немесе басқа тараптың кез келген Қызметті қолдануына мен пайдасын көруіне кедергі келтіретін жолмен пайдалануға құқылы емессіз. Сіз Қызметтердің кез келгеніне, басқа жазбаларға, компьютер жүйелеріне немесе Microsoft серверіне немесе басқа кез келген Қызметтерге қосылған желілерге хакерлік әдіспен, құпия сөз табу арқылы немесе басқа жолдармен рұқсатсыз қатынас орнату әрекетін жасауға құқылы емессіз. Сіз Қызметтер арқылы әдейі қолжетімді болмаған жолдармен қандай да бір материалдар мен ақпаратты алуға немесе алуға әрекет жасауға құқылы емессіз. Қызметтерді үшінші жақты тұлғалардың құқықтарын бұзатындай және осымен тоқтап қалмай, жеке немесе заңды тұлғаға, сондай-ақ Microsoft корпорациясына әдейі зиян келтіретіндей етіп пайдалана алмайсыз.


    Microsoft корпорациясы кез келген қолданыстағы заңға, ережеге, құқықтық үрдіске немесе мемлекеттік талапқа сай келу қажет деп тапқандықтан,кез келген ақпаратты барлық уақытта жариялау құқығын немесе өзінің жеке ұйғаруымен кез келген ақпаратты немесе материалдарды толығымен немесе жартылай түрде өзгерту, орынды себебі бар орналастырудан бас тарту немесе алып тастау құқығын өзінде қалдырады.


  5. MICROSOFT ДҮКЕНІНЕ НЕМЕСЕ ВЕБ-САЙТҚА ҰСЫНАТЫН МАТЕРИАЛДАР.

    Microsoft корпорациясы сіздің Microsoft корпорациясына берген немесе Қызметтер немесе оған қатысты қызметтерді жалпы жұртшылыққа немесе кез келген жалпы не жеке қауымдастық мүшелеріне көрсету үшін орналастырылған, кері жүктелген, енгізілген немесе берілген материалдардың (оның ішінде, кері байланыс, бағалар және ұсыныстар) меншіктігін растамайды. Бірақ Microsoft корпорациясы мақсаттарға ұсынылған Арызыңызды, сондай-ақ атыңызды пайдалануға жол бермейді.


    Арызды пайдалануға қатысты ешбір өтемақы төленбейді. Microsoft корпорациясы сіздің берген Жіберуіңізді орналастыру және пайдалануға міндетті емес және жеке өз ұйғарымымен кез келген уақытта кез келген Жіберуді жоюға құқылы.


    Сіз осы Пайдалану және сату шарттарында сипатталған құқықтардың барлығына, оның ішінде, шектеусіз Жіберумен қамтамасыз ету, орналастыру, кері жүктеу, енгізу немесе жіберу үшін қажетті барлық құқықтарға ие екеніңізге және басқаша басқаратыныңызға кепілдік бересіз және оны білдіресіз.


  6. ЕРІКТІ ИДЕЯЛАРДЫ БЕРУ САЯСАТЫ

    Microsoft корпорациясы немесе оның қызметкерлерінің ешқайсысы ерікті идеяларды, оның ішінде, жаңа жарнамалық науқан, жаңа өнімдерге немесе технологиялар, үрдістер, материалдар, маркетингтікжоспарлар немесе жаңа өнім атаулары идеяларын қабылдамайды немесе қарастырмайды. ЕШБІР БІРЕГЕЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КРЕАТИВТІ ТУЫНДЫЛАР, ИДЕЯЛАР, ҮЛГІЛЕР, ДЕМОЛАР НЕМЕСЕ БАСҚА ЖҰМЫСТАРЫҢЫЗДЫ ЖІБЕРМЕУІҢІЗДІ ӨТІНЕМІЗ. Бұл саясаттың бірден бір мақсаты Microsoft корпорациясының өнімдері мен маркетингтік жоспарлары Microsoft корпорациясына жіберілген идяларға ұқсас көрінетін болған жағдайда ықтимал түсінбестіктер мен талқылауларға жол бермеу болып табылдаы. Сол себептен Microsoft корпорациясына немесе Microsoft қызметкерлерінің ешқайсысына жібермеуіңізді өтінеміз.


    Егер өз идеяларыңыз бен материалдарыңызды бізге жібермеу өтінішімізге қарамастан, оларды жіберетін болсаңыз, Microsoft корпорациясы сіздік идеяларыңыз бен материалдарыңызды құпия және меншікті ретінде қарастырмайтындығын есте ұстаңыз.


  7. ҮШІНШІ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ВЕБ-САЙТТАРЫНА СІЛТЕМЕЛЕР

    Microsoft дүкенінде Веб-сайттан шығуға мүмкіндік беретін үшінші жақты веб-сайттардың сілтемелері болуы мүмкін. Сілтеме жасалған сайттарға Microsoft корпорациясы бақылау жасамайды және Microsoft корпорациясы кез келген сілтеме жасалған сайттың мазмұнына немесе сілтеме жасалған сайттардағы кез келген сілтемелерге немесе осындай сайттарға жасалатын өзгертулер мен жаңартулар үшін жауап бермейді. Microsoft корпорациясы бұл сілтемелерді тек Сізге қолайлы болу үшін береді және қандай да бір сілтемені қосу Microsoft корпорациясының бұл сайттарды растайтындығын білдірмейді. Үшінші тарап веб-сайттарын пайдалануыңыз сол үшінші тарап шарттарына бағынуы мүмкін.


Өніммдердің сатылуына байланысты шарттар

  1. ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ҚОЛ ЖЕТІМДІЛІГІ

    Microsoft дүкені Веб-сайт қызмет көрсететін аумақта тұратын тұтынушыларға арналған және жеькізу саясатымызда көрсетілген өнімді жеткізу мүмкіндігімізде шектеулер болуы мүмкін. Сатып алуды аяқтау үшін жарамды шотыңызд бен осы аймақтаың жеткізу мекенжайы болуы қажет.


  2. ТЕК СОҢҒЫ ПАЙДАЛАНУШЫЛАР

    Өнімдерді Microsoft дүкенінде сатып алу үшін соңғы пайдаланушы болуыңыз қажет. Делдалдар Веб-сайттан сатып ала алмайды.


  3. ЭКСПОРТТАУ ШЕКТЕУЛЕРІ

    Microsoft дүкенінде сатып алынған өнімдер (мысалы, ақпараттық құралдар,бағдарламалық жасақтама және бағдарламалық жасақтаманың жүктеулері) кеден және экспортты басқару заңының және ережелерінің нысаны болуы мүмкін. Сізге қатысты осындай өнімдерге байланысты барлық барлық халықаралық және ұлттық заңдар мен ережелерді орындауға келісесіз.


  4. ШОТ ЖӘНЕ ТІРКЕЛГІ АҚПАРАТЫНЫҢ ДӘЛДІГІ

    Microsoft дүкенінде жасалған барлық сатып алуларға арналған ағымдағы , аяқталған сатып алулар мен тіркелгі ақпаратын ұсынуға келісесіз. Электрондық мошта мекенжайыңызды, кредиттік картаңыздың нөмірін және аяқталу мерзімін қоса, тіркелгіңізді және басқа ақпаратты кешіктірусіз жаңартуға келіссеңіз, транзакцияңызды аяқтап және транзакцияңызбен байланыста қажетінше сізбен байланыса аламыз.


  5. ӨНІМНІҢ ҚОЛ ЖЕТІМДІЛІГІ, МӨЛШЕРІ ЖӘНЕ РЕТТІК ШЕГІ

    Өнімнің бағасы мен қол жетімділігі кез келген уақытта және алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін, бірақ тапсырысты растау кезінде көрсетілетін бағасын тағайынндай аласыз. Тапсырыс арқылы, тіркелгі арқылы, кредиттік карта арқылы, тұлға арқылы немесе жанұяңыздағы басқа мүшелер сатып ала алатын өнімнің мөлшерлеріне Microsoft корпорациясы шекету қоюы мүмкін және ол туралы Веб-сайтта немесе тапсырысыңызды қаблдаудың алдында хабардар боласыз.


    Microsoft корпорациясы заң негізінде кез келген уақытта кез келген тапсырыстан бас тартып немесе қабылдамай, тапсырысқа төлеген ақшаңызды қайтара алады, бірақ, егер тапсырыста арнайы шарттарды таппасаңыз, егер төлеміңіз өңделмесе, тапсырыс берілген өнім немесе қызмет қол жетімді болмаса, Веб-сайтта немесе тапсырысыңыздың байланысымен қателер болса, онда шектеу қойылмайды. Егер Сіз тапсырыс берген өнімдерді немесе қызметтерді жеткізуге мүмкіндігіміз болмаса, Сізбен байланысып, осының орнына баламалы өнімді қарастыруды ұсынамыз. Егер баламалы өнімді сатып алғыңыз келмесе, тапсырысыңыздан бас тартамыз. Веб-сайтта және тапсырысыңыздың байланысында қате болса, қате жойып және дұрыс бағаны алуға құқық береміз. Бұл жағдайда Сізбен байланысып, дұрыс бағадағы өнімді сатып алудың параметрлерін ұсынамыз немесе тапсырысыңыздан бас тартамыз.


    Егер тапсырыс беру кезінде жеткізудің нақты уақыты көрсетілсе, өніміңіз немес қызметіңіз тапсырыс берген күннен бастап отыз (30) күн ішінде жеткізіледі. Кредиттер мен қайтарулар тапсырыс беруде пайдаланылатын төлем жолымен және тіркелгімен жасалынады.


  6. БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАНЫҢ САТЫП АЛУЛАРЫ МЕН ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ ШАРТТАРЫ

    Microsoft дүкенінен («Бағдарламалық жасақтамадан») және Microsoft дүкенінде немесе қызметінде қол жетімді басқа тауарлар (қызметтерді қоса алғанда) жүктеу үшін қолжетімді болатын кез келген бағдарламалық жасақтама Microsoft корпорациясымен және/немесе оның жеткізушілерінің авторлық құқықтармен қорғалатын туындысы болып табылады. Бағдарламалық жасақтаманы сатып алғанда, бағдарламалық жасақтаманы емес, оны пайдалану үшін лицензиясын сатып аласыз. Microsoft дүкенінде сатып алынған бағдарламалық жасақтаманың лицензиялары бағдарламалық жасақта өнімімен бірге берілетін лицензиялық келісім шарты болып табылады («Лицензиялық келісім шарт»). Бағдарламалық жасақтаманы орнату кезінде лицензиялық келісім шарттарымен келісуіңіз қажет болады.


    ЕГЕР ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ КЕЛІСІМ ШАРТТЫҢ КӨШІРМЕСІН АЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ, БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАНЫ АШПАЙ ТҰРЫП, MICROSOFT ДҮКЕНІМЕН (ТӨМЕНДЕГІ «ХАБАРЛАМА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС» БӨЛІМІНДЕ КӨРСЕТІЛГЕНДЕЙ) БАЙЛАНЫСЫҢЫЗ.


    Бағдарламалық жасақтаманы немесе тауарды лицензиялық келісім шартқа және күші бар заңнамаға сәйкес кез келген қайта шығаруға немесе қайта таратуға тыйым салынады және қатаң азаматтық және қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін. Құқық бұзушылар ықтимал ең қатаң жазаға тартылуы мүмкін.


    СІЗГЕ ҚОЛАЙЛЫ БОЛУ ҮШІН MICROSOFT КОРПОРАЦИЯСЫ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ЖҮКТЕУ ҮШІН MICROSOFT ДҮКЕНІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ОНЫҢ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАСЫНЫҢ НЕМЕСЕ ТАУАРДЫҢ БІР БӨЛІГІ РЕТІНДЕ САТЫЛҒАН ӨНІМНІҢ НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ БӨЛІГІ ЕМЕС ҚҰРАЛДАР МЕН ҚЫЗМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҚОЛЖЕТІМДІ ЕТУГЕ ҚҰҚЫЛЫ. КҮШІ БАР ЗАҢНАМАЛАР ШЕГІНДЕ, MICROSOFT КОРПОРАЦИЯСЫ НӘТИЖЕЛЕРДІҢ ДӘЛДІГІНЕ НЕМЕСЕ КЕЗ КЕЛГЕН ОСЫНДАЙ ҚҰРАЛДАР МЕН ҚЫЗМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДАН ТУЫНДАЙТЫН НӘТИЖЕГЕ ҚАТЫСТЫ ЕШБІР КЕПІЛДІК БЕРМЕЙДІ.


    Қызметтерде немесе Microsoft корпорациясының бағдарламалық жасақтамасының өнімдерінде қол жетімді етілген құралдар мен қызметтік бағдарламаларды пайдалану кезінде басқалардың зияткерлік меншік құқықтарын құрметтеңіз.


  7. ЭЛЕКТРОНДЫҚ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАНЫҢ ЖҮКТЕУЛЕРІ

    Электрондық бағдарламалық жасақтама жүктеулер («ЭБЖ») өнімдері өнім сатып алуға байланысты (бұрын Windows Live ID атымен танымал) Microsoft тіркелгіңізде қол жетімді сілтеме жасау арқылы ұсынылады. Төмендегі бөлімге сәйкес, жүктеуге арналған және Microsoft тіркелгіңіздің сандық кілтіне байланысты сілтемені стаып алынған күнінен бастап үш (3) жыл бойы сақтаймыз. Жазылым кезінде қарауға және келісуге ұсынылатын ЭБЖ жазылым өнімдеріне арналған әр түрлі сақтау талаптары мен шарттары қолданылуы мүмкін.


    Бізге сақтау бағдарламаңыздың сандық кілтін кез келген уақытта бас тартып немесе өзгертуге келісесіз. Сондай-ақ, заң жүзінде кез келген уақытта бір немесе бірнеше өнімге арналған кілттердің сақтауына қолдау көрсетуді, сондай-ақ өнімнің қолдау көрсету мерзімі аяқталған уақытынан кейін сілтемеге немес е сандық кілтке кіре алмайтын жолы арқылы, тоқтату құқығымызбен келісесіз Егер жүктеу сілтемеге немес есандық кілтке (кілттерге) кіру алмайтындай етіп бағдарламаны бас тартып немесе реттесек, Microsoft тіркелгіде берілген байланыс ақпараттары арқылы алдын ала ескертіп, 90 күнге пайдалануды ұсынамыз.


  8. БАСҚА ШАРТТАР МЕН ТАЛАПТАР

    Бағдарламалық жасақтама мен ЭБЖ өнімдеріне қосымша, басқа өнімдер мен қымзеттер Microsoft дүкенінде сатып алуға немесе таныстыру нұсқасы үшін қол жетімділігі, сондай-ақ сізге бөлек соңғы пайдалнушы лицензиялық келісім шарттарын, пайдалану шарттарын, қызмет шарттарын немесе басқа да шарттар мен талаптары ұсынылуы мүмкін. Егер осы өнімдерді сатып алсаңыз немесе пайдалансаңыз, сатып алудың, орнатудың немесе пайдаланудың талаптары ретінде мына шарттарды қабылдауыңыз қажет болуы мүмкін.


  9. АВТОМАТТЫ ЖАҢАРТУ ӨНІМДЕРІ

    Еліңізде, аймағыңызда, облысыңызда немесе штатыңызда автоматты жаңартуларға рұқсат етілген жағдайда, автоматты түрде жаңартылатын жазылымдарды сатып ала аласыз. Осындай жазылым өнімдерін сатып алсаңыз және бізге төлем әдісін берсеңіз, сіз (i) өзіңіз берген төлем әдісін пайдалануға рұқсатыңыз бар екенін және сіз берген барқыл ақпараттың дұрыс әрі нақты екенін мәлімдейсіз; (ii) Microsoft корпорациясына төлем әдісіңізді пайдаланып қызметтер үшін ақы алуға рұқсат етесіз және (iii) Microsoft корпорациясына осы келісім күшінде кезде тіркелген немесе пайдаланған қызметтердің кез келген ақылы мүмкіндігі үшін ақы алуға рұқсат етесіз. Кез келген жазылым өнімдерін автоматты түрде жаңарту алдында сізге электрондық пошта арқылы хабарлаймыз. Сізге жазылымыңыз автоматты түрде жаңартылатыны туралы хабарлағаннан кейін біз қызметтеріңізді автоматты түрде жаңартып, Сізден жаңарту мерзімі үшін сол кезде қолданыста болатын баға алуымыз мүмкін. Сондай-ақ, біз жаңарту күнінде тіркелген немесе кейінірек берілген қызметтерді жаңарту үшін таңдалған төлем әдісіңіз арқылы Сізге шот жіберетінімізді есіңізге саламыз. Сонымен қатар, Сізге қызметтерден бас тарту әдісі туралы нұсқаулар ұсынатын боламыз. Жаңарту үшін шот жіберілуін болдырмау үшін жаңарту күнінің алдында қызметтерден бас тартуыңыз керек.


  10. БАҒА ЖӘНЕ ТӨЛЕМ ШАРТТАРЫ

    Microsoft дүкеніндегі өнімдердің бағасы Веб-сайтта көрсетілгендей ьолады. Егер еліңізде немесе аймағыңызда Microsoft Store бөлшек сауда бөлімі орналасса, Веб-сайтта ұсынылатын бағалар, өнім таңдауы мен деңгейінің көтерілуі бөлшек сауда орналасуларында ұсынылатын немесе қол жетімділігіне байланысты кез келген уақытта әр түрлі болуы мүмкін. Microsoft корпорациясы, онлайн желіде ұсынылған бағаға, өнімге немесе жарнамаға кепілдік бермейді, сондай-ақ бөлшек сауда орындарында қол жетімді болады немесе төленеді. Сондай-ақ, Microsoft корпорациясы, бөлшек сауда орындарында ұсынылған бағаға, өнімге немесе жарнамаға кепілдік бермейді, сондай-ақ онлайн желіде қол жетімді болады немесе төленеді.


    Microsoft дүкенінрдегі бағалар соңғы тұтынушыларға жеке бағдарламалық жасақтаманың және ақпараттық құралдардың сатылуына негізделеді. Коммерцияға, білім алуға немесе мемлекеттік мекемелергесатып алатынболсаңыз, корпоративті лицензиялау бағдарламаларымыз туралы қосымша ақпарат алу үшін бзен байланысыңыз.


    Microsoft дүкені бағаға сәйкестігіне кепкілдік бермейді. Сол элементтерді басқа бөлшек сату дүкендеріндегі жарнамалайтын бағаға сәйкес болмайды.


    Өнім сатып алуға қол жетімді бола тұрып, оны Веб-сайтымыздан алдын ала тапсырыс беруді ұсына аламыз. Егер өнімді алдын ала тапсырыс беру арқылы таңдасаңыз, алдын ала тапсырыс кезінде кредиттік картаңызға төлеу мүмкіндігін орната аласыз. Өнімді жүктеу мерзімі қол жетімді болғанша және өнімді сізге жібермегенше, кредиттік картаңыздан төлемді алмаймыз. Егер өнімнің жарнамалық бағасы тапсырыс берген күн мен өнімді жүктеуге қол жетімді немесе жеткізу күнінен төмендесе, онда біз төмен баға құнымен төлемді қабылдаймыз. Өнім жеткізілмей тұрып немесе Сату және қолдау көрсету бетімізде орналасқан тұтынушыны қолдау нөміріне телефон соғу арқылы алдын ала тапсырыстан кез келген уақытта бас тарта аласыз. Алдын ала тапсырыс жеткізілгеннен кейін немесе жүктеуге қол жетімді болғаннан кейін біздің қалыпты қайтару саясаттарымыз қолданылады. Егер арнайы бір өнімге басқа алдын ала тапсырыс шарттары қолданылса, Веб-сайтта көрсетеміз.


    Веб-сайтта көрсетілген бағалар құрамына сатып алуда қолданылатын барлық салықтар мен ақылар («Салықтар») бар. Веб-сайтта көрсетілген бағаға жеткізу құны кірмейді. Жеткізу құны сатып алудың сомасына қосылып, бағалау бетінде көрсетіледі. Сатып алуды растамай тұрып, сатып алуға тиісті жеткізуге кететін шығындарды қарауға мүмкіндігіңіз болады. Сатып алу себетіндегі әр бір элемент ағымдағы элемент бағасымен көрсетілген.


    Microsoft дүкеніндегі өнімнің ұсыныстары біздің міндетті ұсынысымыз болып табылмайды. Бізге тапсырыс жіберу үшін «сатып алуды аяқтау,» «тапсырыс беру» немесе салыстырмалы түймешікті басу арқылы, сатып алу себетіндегі барлық өнімдердің міндетті ұсынысын жасайсыз. Егер тапсырысыңызды қабылдасақ, автоматты сатып алу растамасын электрондық пошта арқылы аласыз. Сатып алу келісім шарты осы электрондық хабарға кірістірілген.


    Веб-сайтта анықталғандай Microsoft дүкені төлеудің әр түрлі жолдарын ұсынады. Кез келген уақытта және кез келген себептермен төлеу параметрлерін өзгертуге құқықты қалдырамыз. Егер ұсыныстар жергілікті валютада жасалса және халықаралық несие картасымен басқа валютада төленуі керек болса, сіздің валютадағы түпкілікті баға валюта айырбастау бағамдарына, салықтарға және банк немесе халықаралық несие картасын шығарушының алатын ақыларына байланысты болады. Бұл транзакцияларға Microsoft Store алмайтын салықтар және/немесе халықаралық транзакциялар үшін ақылан алынуы мүмкін.


  11. ҚАЙТАРУ САЯСАТЫ

    Microsoft дүкенінің қайтару саясаты төменде орналасқан. Қайтару саясаты кез келген күші бар заңнамаға қосымша беріледі.


    Сіз он төрт (14) күнтізбе күнінің ішінде ешқандай себептерсіз осы келісім шарттан бас тарта аласыз. Бас тарту кезеңі он төрт (14) күннен кейін бітеді:


    (i) Өнімдер жүктеуге немесе қызметті іске қосуға қол жетімді болған кезде ЭБЖ өнімдері мен қызметтеріне. Тікелей сатып алуға қызметті немесе ЭБЖ өнімін ұсынуымызға келісесіз; және

    (ii) Заттай өнімдерге, жеткізу үшін.

    Егер еліңіздің немесе аймағыңыздың күші бар заңнамасы бас тартудың ұзын кезеңін ұсынса, онда осы кезең қолданылады.


    Бас тарту құқығыңызды орындау үшін бас тарту кезеңі аяқталмай тұрып, бізге шешіміңіз жайлы хабарлауыңыз қажет. Шешіміңіз жайлы хабарландыру үшін және қайтару процесін бастау үшін біздің Сату және Қолдау көрсету бөлімімізге байланысыңыз.


    Егер бас тарту құқықтарыңызды пайдалансаңыз, өнімдерге және жеткізуге төленген соманы қайтарамыз. Ақшаны бастапқы төлем тәсілімен қайтарылады. Сәйкес өнімді ешқандай кешіктірусіз және өзіңіздің есебіңізден қайтаруыңыз қажет.


    Қайтарудың шарттары ретінде және күші бар заңнама бойынша келесі талаптар қолданылады. Барлық өнімдер аса мұқияттылықпен қайтару қажет (мысалы, тозған немесе зақымдалған болмауы қажет және оны қайта сатуға мүмкіндік беретін күйде болуы қажет). Бағдарламалық жасақтаманың және бейне ойындардың барлық қораптары тиіспеген тығыздағыштармен қайтарылуы қажет. Қызметтер үшін қызметті сіз жеткізіп және тұтынбауыңыз қажет. ЭБЖ өнімдері үшін осы келісім шарттан бас тарту шарты ретінде жоюдың электрондық хабарға қол қоюды сұрауымыз мүмкін.


    Демалыс күндер аралығында немесе басқа кезеңдерде бас тарту құқығын ұсына аламыз. Егер Веб-сайтымызда ұзынырақ уақыт жарияланса, жарияланған уақыт қолданылады.


    Барлық қайтарулар түпнұсқалық немесе берілген түбіртекпен, түпнұсқалық құжаттамамен, қолдану нұсқаулығымен, тіркелімімен, бөлшектерімен және компоненттерімен (кабельдер, контроллерлер, аксессуарлар) және өндірушінің қаптамасымен қайтарылуы қажет. Қолданылатын заңға сәйкес, бас тарту қайтаруыңызды немесе ауыстыруыңызды тыйым салып немесе кідіртетін элементтер болуы мүмкін және қосымша төлемнің нәтижесінде және егер олар біздің қайтару критерийлерімізге сай келмесе, Microsoft корпорациясы кез келген қайтарудан немесе ауыстырудан бас тарту құқығын қалдырады.


    Ерекше жағдайлар:


    • Microsoft дүкенінің Веб-сайтынан тапсырыс берілген элементтер Microsoft бөлшек сауда дүкендеріне қайтарып немесе ауыстыруға болмайды. Сондай-ақ, Microsoft дүкенінің бөлшек сауда орындарында сатып алынған элементтер Microsoft дүкенінің Веб-сайтына қайтарып немесе ауыстыруға болмайды.
    • Жаңарту опциясы мен қайтарулар. Жаңарту опциясымен элементті сатып алсаңыз, бас тартудың он төрт (14) күн аралығында ұайтаруға болады және арнайы қайтару процедуралары келесі ретпен қолданылады:
      • Жаңарту өнімі шықпай тұрып элементті қайтарсаңыз, өнімнің жаңартуын алмайтын боласыз.
      • Жаңарту өнімі шыққаннан кейін элементті қайтарсаңыз, екі элементті және жаңарту өнімін қоса қайтаруыңыз қажет.
    • Өнімнің үйлесімін сатып алған кезде ақшаны үнемдейтін жарнаманы ұсынғанда, өтеу ақысын алу үшін жарнама шегінде алынған барлық өнімдер қайтарылуы қажет. Егер жарнамаңызда бұрын пайдаланып қойған қызмет болса, қызметтің толық бөлшек сауда құны қайтару сомасынан алынады.
    • Сынау кезеңнің ұсыныстары. Егер кез келген сынау кезеңінің ұсынысына қатыссаңыз, біз басқалай хабарламасақ, жаңа ақылардың алынуын болдырмау үшін сынау кезеңі аяқталғанда, қызметті жоюыңыз қажет. Сынау кезеңінің соңында қызметті жоймасаңыз, біз қызмет үшін ақы алуымыз мүмкін.

  12. ТҰТЫНУШЫ ҚЫЗМЕТІ

    Тұтынушы қызметінің опциялары туралы қосымша ақпарат алу үшін Сату және Қолдау көрсету бөлімінің бетіне кіріңіз.


Microsoft дүкенінің және Сатылулардың пайдалануға қатысты шарттар

  1. ШАРТТАРДЫҢ ӨЗГЕРІСІ

    Қазіргі уақытта пайдаланудың және сатудың шарттарының күші бар және олар сатып алуларыңызды басқарып, арамзыдағы сатып алу келісім шарт ретінде қолданылады. Келесі сатып алудың алдында Microsoft корпорациясы Пайдаланудың және сатудың шарттарын сізге хабарламай жаңарта алады. Microsoft дүкеніне әрбір кірген сайын Пайдаланудың және сатудың шарттарын қарауды ұмытпаңыз. Пайдаланудың және сатудың шарттарын болашақта қолдануға және сатып алуыңызға пайдалану үшін, оның көшірмесін сақтап немесе басып шығаруды ұсынамыз.


  2. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ПАЙДАЛАНУ ШЕКТЕУЛЕРІ

    Өнімді Microsoft дүкенінен сатып алу үшін аумағыңыздағы/тұрғылықты жеріңіздегі кәмілеттік жасқа толуыңыз қажет.


  3. ЖЕКЕ АҚПАРАТ ҚҰПИЯЛЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫ ҚОРҒАУ

    Сіз туралы ақпарат және сатып алуыңыздың журналы Құпиялық туралы мәлімдемеге сәйкес қарастырылады.


  4. ӨНІМ КӨРСЕТУІ ЖӘНЕ ТҮСІ

    Microsoft корпорациясы өнімнің түсі мен кескінін барынша анығырақ көрсетуге тырысады. Әр түрлі компьютерлердің мониторлары түсті әр түрлі көрсетеді, бірақ мониторыңыздағы көріп отырған түс өнімнің түсіне дәл сәйкес болуына кепілдік бермейміз.


  5. САЙТТАҒЫ ҚАТЕЛЕР

    Ақпаратты мұқият жариялау үшін, Веб-сайтты жиі жаңартып тұру үшін және қателер табылған жағдайда түзету үшін барлық амалдарды қолданамыз. Дегенмен, Веб-сайтымыздағы кез келген мазмұн дұрыс емес болуы мүмкін немесе кез келген уақытта мерзімі өткен болуы мүмкін. Біз Microsoft дүкенінің Веб-сайтына, сондай-ақ өнім бағаларына, техникалық сипаттамаларына, ұсыныстар мен қол жетімділікке өзгерістер енгізуге құқық қалдырамыз.


  6. САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ МЕРЗІМІНІҢ АЯҚТАЛУЫ

    Егер Пайдаланудың және сатудың шарттарын бұзған болсаңыз немесе Веб-сайт жұмысын Microsoft корпорациясының басқаруында жүргізбесе, Microsoft корпорациясы тіркелгіңізді немесе Microsoft дүкенінің Веб-сайтын кез келген уақытта белгілі себепт Microsoft дүкенін пайдалану арқылы жасалатын кез келген тапсырысқа жауаптысыз немесе тапсырыс аяқталғанша шығындарды төлейсіз. Microsoft корпорациясы кез келген уақытта, кез келген себептермен және алдын ала ескертусіз Microsoft дүкенінің жұмысын өзгертіп, доғарып немесе тоқтата алады. Егер осындай өзгеріс, доғару немесе тоқтату Қызметті немесе/өнімді пайдалануға не тапсырысыңызды бұзатын болса, Microsoft дүкеніне байланысыңыз.


  7. ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БАС ТАРТУ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ШЕКТЕУ

    ОСЫ ШАРТТЫҢ БАРЛЫҚ БӨЛІКТЕРІ ЗАҢМЕН РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН БАРЫНША КӨП ДӘРЕЖЕДЕ ҚОЛДАНЫЛАДЫ. БҰЛ БӨЛІМ ЖАУАПКЕРШІЛІГІҢІЗДІ ШЕКТЕУГЕ АРНАЛМАҒАН ЖӘНЕ ШЕКТЕМЕЙДІ, ЗАҢ АЛДЫНДА НЕМЕСЕ СІЗГЕ ҚАТЫСЫ ЖОҚ КЕЗ КЕЛГЕН ЗАҢ ҚҰҚЫҒЫНА СӘЙКЕС ЖАУАПТЫ БОЛА АЛМАЙДЫ.


    MICROSOFT ДҮКЕНІНДЕ САТЫЛАТЫН ӨНІМДЕР КЕЗ КЕЛГЕН КҮШІ БАР ЗАҢНЫҢ НЫСАНЫ БОЛУЫ МҮМКІН ЖӘНЕ ҚАЖЕТ ЖАҒДАЙДА КЕЗ КЕЛГЕН ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ КЕЛІСІМ ШАРТТАРЫНА СӘЙКЕС НЕМЕСЕ ӨНІММЕН БІРГЕ БЕРІЛЕТІН ӨНДІРУШІ КЕПІЛДІГІНЕ СӘЙКЕС КЕПІЛДІК БЕРІЛЕДІ.


    ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ КЕЛІСІМ ШАРТТА НЕМЕСЕ ӨНІМДІ КЕПІЛДІКСІЗ БЕРІЛЕТІН ӨНДІРУШІ КЕПІЛДІГІНДЕ КЕПІЛДЕНГЕН ЖАҒДАЙДА БАСҚА.


    MICROSOFT КОРПОРАЦИЯСЫ ӨНІМДЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖӘНЕ БЕЛГІЛІ БІР МАҚСАТТАРҒА ДАРАМДЫЛЫҒЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЕШҚАНДАЙ НАҚТЫ БІР АРЫЗ НЕМЕСЕ КЕПІЛДІК БЕРМЕЙДІ. MICROSOFT КОРПОРАЦИЯСЫ АҚАУЛАРЫ БАР ӨНІМДЕРГЕ ТАРАЛАТЫН КЕЗ КЕЛГЕН КҮШІ БАР ЗАҢДЫ НЕМЕСЕ КЕПІЛДІК ЗАҢЫН ПАЙДАЛАНУДЫ ЖӘНЕ ҚОРҒАУДЫ ҰСЫНАДЫ.


    MICROSOFT ДҮКЕНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАЗМҰНЫ «ҚАЛАЙ БАР» ЖӘНЕ «ҚАЛАЙ ҚОЛ ЖЕТІМДІ» РЕТІНДЕ ҰСЫНЫЛАДЫ. MICROSOFT КОРПОРАЦИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖЕТКІЗУШІЛЕРІ MICROSOFT ДҮКЕНІНЕ ҚАТЫСТЫ ЖӘНЕ MICROSOFT ДҮКЕНІН ПАЙДАЛАНУ ҮЗІЛІССІЗ ЖӘНЕ ҚАТЕСІЗ БОЛУЫНА ЕШҚАНДАЙ АРЫЗ ЖАСАМАЙДЫ ЖӘНЕ ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БЕРМЕЙДІ. Біздің немесе агентіміздің алайықтық әрекеттерінен не жеке басны зиян келтіру немесе немқұрайлықтың арқасында адам өліміне алып келген кез келген жауапкершіліктен бас тартпаймыз.


  1. ЖАЛПЫ ЗАҢДЫ ШАРТТАР
    1. Шартты түсіндіру

      Кез келген юрисдикция, осы келісім шарттың кез келген міндеттері немесе оның қосымшалары белгілі бір компанияға немесе жағдайға шектелінген, тыйым салынған немесе заңдық күші жоқ болса, осындай міндеттер осы юрисдикцияда күші бар келісім шарттың қалған міндеттерін бұзбай тиімді болмайды және заңның дұрыстығына немесе осындай міндеттердің орындалуына және кез келген басқа юрисдиукцияда әрекетсіз немесе оны басқа тұлғаларға немесе жағдайларға қолдану әрекетсіз. Мүмкін болған жағдайларда осындай міндеттер заңға сәйкес толық күшімен қолданылуы тиіс және жарамды болуы үшін төмегі деңгейді талқыланып, қолданылуы тиіс. Өнімдерді немесе қызметтерді басқа Microsoft веб-сайттарынан сатып алсаңыз, басқа шарттар қолданылуы мүмкін.

    2. Құқықтар мен міндеттемелерді тапсыруы

      Біз күші бар келісім шарт бойынша өз құқықтарымызды және міндеттерімізді толығымен немесе бөліктерін кез келген уақытта, алдын ала ескертусіз тағайындап, тасымалдап немесе басқа жолмен қабылдамауға құқығымыз бар. Сіз осы келісім шартты тағайындай алмайсыз немесе ешбір құқықтарды тапсыра алмайсыз.

    3. ҮШІНШІ ТАРАП БЕНЕФИЦИАРЛАРЫ ЖОҚ

      Бұл келісім шарт тек сізге және сіздің пайдаңызға арналған. Ол рұқсат берілген жалғастырушыларын және тағайындалған адамдарын қоспағанда, басқа ешбір тұлғаның пайдасына арналмаған.

    4. Талаптар

      Талаптар жергілікті заңнамада сұралған уақыт аралығында берілуі қажет. Егер талабыңыз уақытында берілмесе, оны беру мүмкін емес.

    5. Хабарлама және Байланыс

      Техникалық қолдау көрсету сұрақтары бойынша мәлеметтерді Сату және Қолдау көрсету бөлімінің бетінен қараңыз. Келіспеушіліктер үшін Пайдалану және сату шарттарының жоғарғы жағында көрсетілген мекенжай арқылы бізбен байланысыңыз.

    6. Реттеуші заң

      Келісім шартты және кепілдікті бұзумен, қараниетті бәсекемен немесе азаматтық құқық бұзушылықпен байланысты барлық талаптар, Люксембургтің немесе сіз тұратын елдің немесе аймақтың заңдарына сәйкес қарастырылады. Юрисдикцияға байланысты, сіз осы келісім шарттан туындайтын немесе оған қатысты барлық дауларды бағыттайтын Люксембургтегі немесе елдегі немесе аймақтағы жауапты сотты таңдай аласыз.

  1. ЕСКЕРТУЛЕР

    Авторлық құқықтарды бұзу туралы ескертулер Microsoft корпорациясының ресми өкіліне жіберу қажет. Мәліметтер мен байланыс ақпаратын алу үшін Авторлық құқықтарды бұзуға байланысты арыздарды беру процедуралары мен хабарландыруларды мыны жерден қараңыз. http://www.microsoft.com/info/cpyrtInfrg.htm. СҰРАУЛАР ҰСЫНЫЛАДЫ, БІРАҚ ПРОЦЕДУРҒА ҚАТЫСЫ БОЛМАЙДЫ.



Авторлық құқық және тауарлық белгілер

Веб-сайттың және қызметтің барлық мазмұнына авторлық құқықтар © 2012, Microsoft корпорациясына немесе оның жабдықтаушыларына, One Microsoft Way, Redmond, Washington 98052, U.S.A. жатады. Барлық құқықтар қорғалған. Біз немесе жабдықтаушыларымыз Веб-сайттағы, қызметтегі және мазмұнындағы авторлық құқықтарға және басқа зияткерлік меншік құқықтарына иеміз. Microsoft және барлық Microsoft өнімдерінің және қызметтерінің атаулары, мекеме ендері мен белгішелері — Microsoft корпорациясының Америка Құрама Штаттарында, Канадада және/немесе басқа елдерде тіркелген сауда белгілері немесе тіркелген сауда белгілері.


Microsoft корпорациясының сауда белгішелерін мына сайттан табуға болады: http://www.microsoft.com/about/legal/en/us/IntellectualProperty/Trademarks/EN-US.aspx. Нақты компаниялардың және өнімдердің атаулары сәйкес иелерінің сауда белгілері болып табылады. Осы келісімде анық берілмеген барлық құқықтар сақталады.