Құпиялылық туралы мәлімдеме

Microsoft дүкенінің құпиялық туралы мәлімдемесі

Соңғы жаңартылғаны: Шілде, 2012ж.

Microsoft корпорациясы құпиялылықты қорғауға міндеттенеді. Бұл берілген құпиялық туралы мәлімдемесі осы құпиялық туралы мәлімдемесін арнайы көрсететін («Дүкен»)(бірге «Microsoft дүкені» деп қолданылады) Microsoft дүкенінің коммерциялық орындары мен берілген құпиялық туралы мәлімдемесін арнайы көрсететін Microsoft дүкені арқылы Майкрософт корпорациясы жинаған деректерге қолданылады. Берілген құпиялық туралы мәлімдемесі басқа желідегі немесе дербес Microsoft сайттарына, Microsoft дүкенінің өнімдеріне немесе қызметтеріне қолданылмайды. Сонымен қатар берілген құпиялық туралы мәлімдемесі Microsoft дүкені немесе Веб-сайттары арқылы сатып алуға болатын, осы өнімдер мен қызметтер берілген құпиялық туралы мәлімдемесіне арнайы қатысты болмағанша, өнімдерге немесе қызметтерге қолданылмайды.

Ақпаратты жинау

Сізбен хабарласуға мүмкіндік беретін ақпарат қажет болғанда сұрайтын боламыз. Жиналатын жеке мәлімет атыңызды, электрондық пошта мекенжайын, телефон нөмірін және пошталық мекенжайды қамтуы мүмкін. Сондай-ақ, ZIP немесе пошта индексі, жасы, жынысы, параметрлері, мүддесі және сүйікті нәрселері сияқты демографиялық ақпаратты жинауымыз мүмкін. Егер сіз сатып алу немесе төленген жазылым қызметін белгілеуді таңдасаңыз, біз несиелік кәртішкеңіз және шот жіберу жазбасын жасауға қолданылатын шот жіберу мекенжайы сияқты қосымша ақпаратты сұраймыз. Осы әрекеттерге қатысуды таңдаған болсаңыз, зерттеулерге жауап нәтижесінде берілетін немесе байқаулармен байланысты берілетін өзіңізден келген ақпаратты да жинай аласыз. Біздің Дүкендерімізде қауіпсіздік және ақпаратты жоғалтудың алдын алу мақсаттары үшін бейнені зерттеуді пайдалана аламыз. Сондай-ақ, талдау мақсарттары үшін бейне негізді пайдалана аламыз.

Біз сіздің Дүкенге немесе Веб-сайтқа кіргеніңіз туралы ақпаратты жинай аламыз. Мысалы, Веб-сайттың талдаулар құралын келген сайтыңызбен бірге, іздеу компьютері(лері) және біздің Веб-сайтымызды табу үшін пайдаланылған кілт сөздері, Веб-сайтта сіз қараған беттер арқылы, шолғышыңыздың қосымша құрылғылары және шолғышыңыздың ені мен ұзындығымен бірге, шолғышыңыздан ақпартты шығарып алу үшін пайдалана аламыз. Сонымен қатар, біз сіздің IP мекенжайыңыз, шолғыш түрі және тілі, кіру уақыттары және сілтеме жасалатын Веб-сайттарының мекенжайлары сияқты кіретін әрбір Веб-сайтына шолғышыңыз жіберетін белгілі бір стандартты ақпаратты жинаймыз. Мысалы біздің Веб-сайтқа кез келген мүмкіндігі бар құрылғыдан қалаған тілді пайдаланып сіз кіре алатындай етіп, тұтынушылардың тәжірибесін жасқарту үшін тілді таңдау сияқты шолғышыңыздан ақпаратты пайдалана аламыз.

Microsoft корпорациясымен өзара әрекет барысында сізге сәйкес және жеке тәжірибені ұсыну үшін бір Microsoft қызметі арқылы жинақталған ақпарат басқа Microsoft қызметтері алған ақпаратпен біріктірілуі мүмкін. Сондай-ақ, біз басқа компаниялардан алынған ақпаратпен жиналатын ақпаратты енгізуіміз мүмкін. Мысалы, біз белгілі бір қызметтерді географиялық аумағыңызға теңшеу үшін ІР мекенжайыңызға негізделген негізгі географиялық аумақты алуыңызға мүмкіндік беретін басқа компаниялардың қызметтерін пайдалануымыз мүмкін.

Веб-сайтқа кіру үшін сізден Microsoft шоты ретінде белгілі (Windows Live™ коды ретінде де белгілі) электрондық пошта мекенжайы мен құпия сөзді енгізу сұралады. Microsoft шоты жасалғаннан кейін көптеген Microsoft сайттары мен қызметтеріне кіру және Microsoft шотының логотипін көрсететін Microsoft серіктестерін таңдау үшін бірдей тіркелгі деректерін пайдалануыңызға болады. Бір Microsoft сайтын немесе қызметіне кіру арқылы сіз басқа Microsoft сайттары мен қызметтеріне кіргенде автоматты түрде тіркелуіңіз мүмкін. Қатысушы сайттарға кірген кезде тіркелгі деректері туралы ақпаратты қалай пайдаланылатыны туралы қосымша ақпарат алу үшін Microsoft желідегі құпиялық туралы мәлімдемесін http://privacy.microsoft.com/.веб-сайтынан оқыңыз. Сіз орныңызға арналған арнайы Microsoft дүкенінің қызметіне автоматты түрде сізді бағыттауға мүмкіндік беретін Веб-сайтқа әр кірген уақытыңызды көрсететін GeoIP немесе Geo орнын пайдалана аламыз, алайда бұл ақпаратты сіздің тіркелгіңіз туралы ақпараттың бөлігі ретінде сақтамаймыз.

Ақпаратты пайдалану

Дүкен немесе Веб-сайт ішінде жиналған ақпарат Дүкен және Веб-сайт мүмкіндігін іске қосу үшін және қызметті(терді) беру немесе сіз сұратқан немесе рұқсат берген әрекетті(терді) орындау үшін пайдаланылады. Тұтынушыға қолдау көрсету қызметін беру, қайтаруларды және алмасуларды жеңілдету, сұрақтарға немесе шағымдарға жауап беру, тұтынушы зерттеулерін жүргізу, берілген Құпиялық туралы мәлімдемедегі көрсетілген басқа мақсаттар үшін алаяқтық әрекеттерін анықтау және оның алдын алу үшін осы ақпаратты пайдалана аламыз.

Бұл пайдаланымдарды қолдау барысында Майкрософт корпорациясы тиімді тұтынушылық қызметпен қамтамасыз ету, Дүкен немесе Веб-сайт мүмкіндігі мен қандай да бір қатысты Microsoft өнімдерін немесе қызметтерін жетілдіру, статистикалық талдау жасау және Веб-сайтты пайдалануды жеңілдету үшін бірдей ақпаратты қайталап енгізу қажеттілігін шеттету арқылы немесе Веб-сайтты белгілі бір ұйғарымдарыңызға немесе мүдделеріңізге қарай теңшеу арқылы осы ақпаратты пайдалануға құқылы.

Біз пайдаланылатын өнім немесе қызмет, оның ішінде күрделі жаңартулар мен құлақтандырулар туралы маңызды ақпаратпен қамтамасыз ету үшін ақпаратыңызды пайдалануға құқылымыз. Осыған қосымша, сіздің рұқсатыңызбен біз басқа Microsoft өнімдері мен қызметтері туралы сондай ақпарат сияқты Microsoft дүкенінің өнімдері, қызметтері, оқиғалары және жарнамалары туралы ақпаратты жібере аламыз. Сондай-ақ, сіздің рұқсатыңызбен жеке ақпаратыңызды Майкрософт корпорациясының серіктестері өз өнімдері мен қызметтері туралы ақпаратты сізге жіберу мүмкіндігіне ие болуы үшін олармен ортақ пайдалана аламыз.

Майкрософт корпорациясы кейде Веб-сайтқа иелік ету, орау, поштамен жіберу, байқау және сыйлықтар жеткізу, тұтынушылардың өнімдер мен қызметтер туралы сұрақтарына жауап беру және біздің өнімдеріміз, арнайы ұсыныстар және басқа жаңа қызметтер туралы ақпарат жіберу сияқты шектеулі қызмет түрлерімен біздің атымыздан қамтамасыз ету үшін басқа компанияларды жалдайды. Біз тек ол компанияларға қызметті беруге қажетті жеке ақпаратты беретін боламыз. Олардан ақпараттың құпиялылығын сақтау талап етіледі және сол ақпаратты басқа мақсатқа пайдалануға тыйым салынады.

Біз сіз туралы, оның ішінде байланыстарыңыздың мазмұны туралы ақпаратқа мына әрекеттер үшін қатынауға немесе жариялауға құқылымыз: (a) заңды сақтау немесе заңды сұрауларға немесе үрдіске жауап беру; (b) Microsoft немесе біздің тұтынушыларымыздың құқықтарын немесе меншігін қорғау, оның ішінде келісімдерімізді немесе қызметтерді пайдалануды реттейтін саясатты күшейту немесе (c) Microsoft жұмысшыларының, тұтынушыларының немесе қоғамның жеке қауіпсіздігін қорғауға қажетті осындай қатынасуды немесе ашуды адал ниетпен жүзеге асыру. Активтерді қосу немесе сату сияқты корпорациялық әрекеттердің бір бөлігі ретінде және заңмен рұқсат берілетін жеке ақпараттың құпиялығын ашуға құқылымыз.

Дүкен немесе Веб-сайт ішінде жиналатын ақпараттың Америка Құрама Штаттарында немесе Microsoft не оның еншілес компаниялары, филиалдары немесе қызмет провайдерлері қолдау көрсететін басқа елде сақталып, өңделуі мүмкін. Microsoft корпорациясы Еуропалық Одақтың елдерінен деректерді жинауды, пайдалануды және сақтауды заңдық талаптарға ұрынбау туралы АҚШ Сауда Министрлігі жасаған келісімге сәйкес жүзеге асырады.

Жеке ақпаратты басқару

Берілген мәлімдемеде Дүкенмен байланысты немесе Веб-сайттағы Майкрософт корпорациясымен берілген жеке ақпарат Майкрософт корпорациясынан және оның бақылауындағы филиалдар мен еншілес компанияларынан тыс көрсетілген жағдайлардан басқа кезде немесе сіздің келісіміңізсіз ортақ пайдаланылмайды.

Сіз алынатын электрондық поштадағы арнайы нұсқауларды орындау арқылы Microsoft тораптары мен қызметтеріндегі келешектегі алдыңғы қатарлы электрондық пошта жеткізілімін тоқтата аласыз. Сонымен қатар, сіз Microsoft дүкенінің тіркелгісіне кіріп және байланыс параметрлеріңізді өзгертіп Веб-сайт арқылы алатын байланысулар жөнінде таңдаулар жасай аласыз. Дүкен байланысулары үшін Дүкенді тікелей хабарландырып байланыс параметрлеріңізді өзгерте аласыз.

Кез келген өнімді немесе элементті қайтарған жағдайда, оны қайтармас бұрын барлық сақталған жеке ақпаратыңызды және мазмұнды жоюға міндеттісіз.

Бұл құпиялылық туралы мәлімдемесінің және Дүкенде немесе Веб-сайтта жасалатын таңдаулардың Майкрософт корпорациясына басқа бөлек пайдаланылатын Microsoft веб-сайттары, өнімдері немесе қызметтері түрінде берілген жеке ақпаратқа қажетінше қолданылмайтынын біліп жүріңіз.

Жеке ақпаратқа кіру

Microsoft дүкенінің шотына кіріп Веб-сайтта берілген жеке ақпаратты алдын ала қарауға және өңдеуге болады. Жеке ақпаратыңызды басқа біреудің көре алуынан қорғау үшін өзіңіздің Microsoft шотының тіркелгі деректерімен кіру сұралады (электрондық пошта және құпия сөз).

Ақпарат қауіпсіздігі

Майкрософт корпорациясында біз жеке ақпаратыңыздың қауіпсіздігін қатаң түрде қорғаймыз. Біз сіздің жеке ақпаратыңызды рұқсатсыз қолданудан немесе ашудан қорғауға көмектесу үшін Дүкендерде және Веб-сайттарда әртүрлі қауіпсіздік технологиялары мен процедураларын пайдаланамыз. Мысалы, Веб-сайт үшін біз бақыланатын құралдардағы шектеулі қатынаумен компьютер серверлерінде берілетін жеке ақпаратты сақтаймыз. Бұған қосымша, біз жеке ақпаратты (несиелік кәртішке нөмірі сияқты) интернет арқылы жібергенімізде, біз оны Қорғалған сокеттер (SSL) тілдесу тәсілі сияқты шифрлауды пайдалану арқылы қорғаймыз.

Кукилер & ұқсас технологиялар

Біз кукиді қалай қолданамыз?

Көптеген Microsoft веб тораптары сіздің қатты дискіңізге веб сервер арқылы қойылған "куки" деп аталатын шағын мәтін файлдарын қолданады. Кукилерде сол кукиді сізге жіберген веб сервері аясы оқи алатын мәтіндер болады. Мәтін сандар мен әріптер қатарынан тұрады, олар сіздің компьютеріңізбен жақсы таныс болады, басқа ақпарат тасымалдауы да мүмкін. Microsoft сіз біздің қандайда бір веб торабызды қолданғанда сіздің қатты дискіңізге жіберген кукидегі мәтін үлгісі: E3732CA7E319442F97EA48A170C99801

Біз кукиді мына мақсаттарда қолданамыз:

  • Қалауларыңыз бен реттеулеріңізді сақтау үшін.Егер сіз Microsoft торабынан жергілікті жаңалықтар немесе ауа райын көру үшін қала немесе пошта индексіңізді енгізсеңіз, біз бұл ақпаратты кукиге сақтаймыз, сіз торапқа оралғанда сізге сол ақпаратқа ұқсас жергілікті ақпараттар көрсетіледі. Бұл сіздің торапқа енген сайын сол ақпаратты енгізу уақытыңызды үнемдейді.
  • Жазылу және рұқсат .Microsoft шотыңызды қолданып, торапқа немесе қызметке жазылғанда, біз сіздің дара анықтағыш нөміріңізді және жазылған уақытыңызды қатты дискіңіздегі шрифталған кукиге сақтап қоямыз. Бұл куки сіздің сол торапта парақтан параққа қолданушы атауыңызды қайта-қайта енгізбей қозғалуыңызға мүмкіндік береді. Сіз тораптан шыққанда, кукилер жойылады. Кукилерді біз жүйеге ену тәжірибесін жақсарту үшін де қолданамыз. Мысалы, сіздің электрондық поштаңыз сіздің компьютеріңізде жүйеден шыққанан кейін қалатын кукиге сақталуы мүмкін. Бұл куки сіздің электрондық поштаңыздың жүйеге келесі жолы енгенде өздігінен пайда болу мүмкіндігін ұсынады. Егер қоғамдық компьютер қолданып отырсаңыз немесе бұл ақпараттың сақталуын қаламасаңыз, тіркелу парағындағы қажетті радио түймесін басыңыз, сонда куки қолданылмайды.
  • Мақсатталған жарнама Сізге онлайн жарнамалар көрсетілгенде, әр жарнама кезінде сіздің компьютеріңізді тану үшін, біз бір немесе бірнеше төзімді куки орнатамыз. Біз өз веб тораптарымызда жарнама қолданғандықтан, біздің жарнамалық және баспа серіктестеріміз сияқты, біздің де сіз немесе сіздің компьютеріңізді қолданған басқа адамдар қараған парақтар, мазмұндар мен жарнамалар туралы ақпарат жинау мүмкіндігіміз бар. Бұл ақпараттар көптеген мақсаттарда қолданылады, мысалы, сіздің бір жарнаманы бірнеше мәртебе көрмеуіңізді қамтамасыз ету үшін қолданылуы мүмкін. Бұл ақпаратты біз сондай-ақ сіз қызығушылық танытатын жарнамаларды таңдау үшін қолданамыз. Кукилерді қолдану туралы толығырақ ақпаратты және Microsoft жіберген мақсатты жарнамалардан бас тарту туралы Microsoft жарнамалық жекелік туралы мәлімдеме құжатынан қараңыз.
  • Тораптар сараптамалары Біз кукилерді веб парақтар немесе қызметтерді қолданушылардың санын білу үшін немесе торабымыздағы басқа санақтарды жүргізу үшін қолданамыз. Бұл санақтар біздің торабымыздың жұмысы мен қызметімізді жақсартуға көмектеседі.

    Біз жиі қолданатын кейбір кукилердің тізімі келесі кестеде берілген. Бұл тізім толық емес, біздің мақсатымыз біздің кукилерді не үшін қолданатамызыды көрсету. Егер біздің торабымыздың біріне енсеңіз, торапта мына кукилердің кейбіреу немесе барлығы болуы мүмкін:

    Куки атауы Сипаттамасы
    MUIDMicrosoft тораптарына тән браузерлерді анықтайды. Ол жарнама үшін, торап сараптамалары және басқа әрекеттер үшін қолданылады.
    ANONҚұрамында ANID, яғни қолданушы қалайтын жарнамаларды анықтайтын дара анықтағышы бар. Ол сондай-ақ қолданушының Microsoft жіберген мақсатты жарнамадан бас тарту үшін де қолданылады, егер қолданушы бас тарту қызметін Microsoft шотымен байланыстырса.
    CCҚұрамында елдердің коды болады, кері IP мекен-жайын көру арқылы анықталған.
    Microsoft шотына рұқсат Рұқсат кукилері ( RPSTAuth, MSNRPSAuth, KievRPSAuth) қолданушы Microsoft шоты арқылы енгенде қолданылады.
    NAPҚұрамында қолданушы елінің шифрланған нұсқасы, пошта индексі, жасы, жынысы, тілі және жұмысы туралы, Windows Live деректеріне негізделген, ақпарат болады.
    MHMicrosoft жарнама серіктестерінің тораптарында пайда болады, бұл куки жарнамалаушыны анықтап, дұрыс жарнаманың таңдалуын бақылайды.
    ACH01Қолданушының қай жарнаманы қай жерде басқанын бақылайды.
    TOptOutҚолданушының Microsoft жіберген жаранамалардан бас тартуды қалайтынын білдіргенін бақылайды.

    Microsoft тораптарын қолданғанда Microsoft қолданатын кукилерге қосымша, үшінші жақтар да сіздің қатты дискіңізіге куки орнатып қоюы мүмкін. Кейбір жағдайларда ол үшінші жақтарды қандай да бір қызмет көрсету үшін жалдаймыз, мысалы, тораптарды сараптау үшін. Кейбір жағдайларда, біздің парақтарымызда үшінші жақтың мамұны немесе жарнамасы болады, мысалы, бейне таспалар, жаңалықтар немесе басқа жарнама желілері қамтамасыз етеін жарнамалар. Сіздің браузеріңіз үшінші жақтың веб серверлерін мазмұн алу үшін қолданғандықтан, үшінші жақтың өздерінің кукилерін қою немесе қатты дискіден оқу мүмкіндіктері болады.

Кукилерді бақылау

  • Кукилерге бөгет қоятын браузер бақылаулары Көптеген веб браузерлер кукилерді автоматты түрде қабылдайды, бірақ сізге браузеріңізді кукилерді бөгеп отыруға реттеп қоюыңызға болады.

    Мысалы, Internet Explorer 9 нұсқасында кукилерді келесі қадамдарды орындап бөгеуге болады:

    1. "Аспаптар" қызметін, одан кейін "Ғаламтор таңдаулары" қызметін басыңыз
    2. Терезенің жоғарғы жағындағы "Жекелік" белгісін басыңыз
    3. Жоғары және төмен сырғытып, бөгет қойылатын кукилерді таңдаңыз

    Басқа браузерлердегі кукилерге бөгет қою нұсқауларын мына тораптан қараңыз http://www.allaboutcookies.org/manage-cookies/.

    Есіңізде болсын, егер кукилерге бөгет қоюды таңдасаңыз, Microsoft тораптарындағы және қызметтеріндегі интерактивті қызметтерге жазылу немесе оларды қолдану шектеледі және кейбір кукилерге тәуелді жарнама қалаулары орындалмай қалуы мүмкін.

  • Кукилерді жоятын браузер бақылаулары.Егер кукилерді қабылдасаңыз, оларды кейін жоюға болады.

    Мысалы, Internet Explorer 9 нұсқасында кукилерді келесі қадамдарды орындап жоюға болады:

    1. "Аспаптар" және "Ғаламтор таңдаулары" қызметін басыңыз
    2. "Жалпы" терезесіндегі "Браузер тарихын" қызметінен "Жою" түймесін басыңыз
    3. Қалқымалы терезеден “Кукилер” жанындағы шаршыны таңдаңыз
    4. "Жою" түймесін басыңыз

    Басқа браузерлердегі кукилерді жою туралы http://www.allaboutcookies.org/manage-cookies/ торабынан қараңыз.

    Есіңізде болсын, егер кукилерді жоюды таңдасаңыз, кукилер бақылайтын реттеулер мен қалаулар, жарнама қалаулары қоса жойылады және қайта жасалмайды.

  • “Ілеспе” және ілесуді қорғау. Кейбір жаңа браузерлерде орнатылған “Ілеспе” қызметі болады. Бұл қызметтер қосылса, веб тораптарға қолданушының соңынан ілесу қызметін қаламайтыны туралы сигнал жібереді. Ол тораптар сізге ілесу сияқты болып көрінетін әрекеттерді сіздің қаламауыңызға қарамастан жалғастыра береді, ол олардың жекелік туралы саяатына байланысты болады.

    Internet Explorer 9 ілесуді қорғау деген қызмет арқылы веб тораптардың сіз туралы ақпаратты үшінші жаққа жеткізуін бөгеуге көмектеседі. Ілесуді қорғау тізімі іске қосылғанда Internet Explorer бөгелетін тораптар тізіміндегі үшінші жақ мазмұнын кукилерімен қоса бөгеп тастайды. Бұл тораптарға қатынасты шектеу арқылы Internet Explorer үшінші жақтың сіз туралы ақпарат жинау мүмкіндігін бөгейді. Ілесуді қорғау тізімі іске қосылғанда, Internet Explorer сіз қарайтын тораптарға 'Ілеспе' сигналын немесе сіздің қалауыңызды жібереді. Ілесуді қорғау тізімі туралы толығырақ ақпарат үшін және оларды табу үшін Internet Explorer жекелік туралы мәлімдемесі немесе Internet Explorer көмек қызметі құжаттарын қараңыз.

  • Жарнамадан бас тарту бақылаулары Кукилер көп мақсаттарда қолданылғандықтан, мақсатты жарнамадан бас тартатын қолданушылар кукилерді қабылдап, бірақ кейбіреулерінен бас тартуына болады. Ғаламтор жарнама компаниялары қолданушылардың жекелігін қорғайтын нұсқамалар мен бағдарламар дамытты, олардың қатарына мақсатты жарнамадан бас тарту үшін қолдануға олатын веб парақтар де кіреді. Бұр парақтарға мына торап та кіреді:
    1. Сандық жарнама бірлестігінің (DAA) тұтынушы қалауы парағы: http://www.aboutads.info/choices/
    2. Network Advertising Initiative (NAI) Opt-Out http://www.networkadvertising.org/managing/opt_out.asp

    Жеке жарнама компаниялары да бас тарту мүмкіндіктерін, оған қоса жетілдірілген жарнама түрлерін ұсынады. Мысалы, Microsoft жарнама қалауы мен бас тарту бақылауларын мына тораптан қараңыз: http://choice.live.com/advertisementchoice/. Есіңізде болсын, бас тарту жарнама тоқтайды немесе азырақ көрсетіледі дегенді білдірмейді, ол тек сіз бас тартқан жарнама екінші мәрте көрсетілмейді дегенді ғана білдіреді. Оған қосымша, бас тарту ақпарат жинауды тоқтатпайды.

Веб бикондарды қолдану

Microsoft веб парақтарда веб биконы деп, кейде жалғыз пикселді сыйлық деп аталатын аталатын электрондық бейнелер болады, олар біздің торапқа куки жеткізу үшін немесе сол торапты қолданғандарды санау үшін қолданылады. Біз бикондарды жарнамалық хаттарға немесе бюллетеньдерге хаттың оқылған оқылмағанын бақылау үшін қосамыз.

Біз Microsoft тораптарында жарнама жасайтын басқа компаниялармен де жұмыс істейміз, біз бикондарды олардың торабына немесе жарнамасына қойып, жарнамаларды Мicrosoft торабында басу арқылы сату барысы қалай өзгеретінін немесе жарнамалаушы торабындағы басқа әрекеттерді бақылаймыз.

Microsoft тораптары үшінші жақтың бикондарын қолданып, біздің жарнамалық науқанның қаншалықьы тиімді екенін немесе басқа веб торап жұмысы туралы санақ жүргізуі мүмкін. Бұл веб бикондар үшінші жаққа сіздің компьютеріңізге кукилерді қою немесе бар кукилерді оқу мүмкіндіктерін береді. Үшінші жақ бикондарын біздің тораптарымызда қолданып, сіз туралы ақпарат жинауға тиым салынған. Дегенмен, дерек жинаудан немесе үшінші жақтың сарапатамалық науқанынан мына сілтемелерді қолданып шығып кетуіңізге болады:

Басқа ұқсас технологиялар

Стандартты кукилер мен бикондарға қосымша, веб тораптар сіздің компьютеріңізден дерек жинауға немесе оқуға басқа технологиялар да қолданады. Олар сіздің қалауыңызды орындау үшін немесе жылдамдық пен жұмыс барысын жақсарту үшін файлдарды жергілікті сақтау арқылы жасалады. Бірақ, стандартты кукилер сияқты, сіздің компьютеріңізге дара анықтағыш қойып, әрекеттерді бақылау үшін де қолданылады. Бұл технологияларға жергілікті бөлісу нысандары (немесе "Флэш кукилер") және күмісжарықты қосымша жад жатады.

  • Жергілікті бөлісу нысандары немесе "Флэш кукилер" Аdobe Flash технологияларын қолданатын веб тораптар сіздің компьютеріңізден деректер жинау үшін жергілікті бөлісу нысандарын немесе "Флэш кукилер" қолданады. Есіңізде болсын, Флэш кукилерді жою браузер реттеулері арқылы мүмкін немесе мүмкін болмауы ықтимал, ол браузерге байланысты болады. Флэш кукиді қолдану немесе бөгеп тастау үшін, мына торапқа барыңыз: http://www.macromedia.com/support/documentation/en/flashplayer/help/settings_manager.html
  • Күмісжарықты қосымша жад Microsoft күмісжарықты технологиялары қолданатын веб тораптар деректерді күмісжарықты қосымша жад арқылы жинайды. Ондай жадты қолдану немесе бөгеп тастау туралы ақпаратты мына тораптан қараңыз: Silverlight

Жарнаманы көрсету

Біздің серіктестеріміз ұсынатын көптеген Веб-сайттар мен желідегі қызметтерге жарнама арқылы қолдау көрсетіледі. Жарнама беру тұғырымыз арқылы біз жарнамаларды жеке тораптарымызда және жарнама серіктестеріміздің тораптарында көрсете аламыз.

Желідегі жарнамаларымызды сізге көрсеткенімізде, біз жарнаманы сізге көрсеткен сайын компьютеріңізді тану үшін компьютеріңізге тиісті «cookie» файлын жиі орналастырамыз. Біз көптеген веб-тораптардағы жарнамаларға қызмет ететіндіктен, біз сіздің орныңыз немесе компьютерді пайдаланатындар, біз көрсететін жарнамаларды көретіндер және/немесе басатындар туралы ақпаратты уақыт өте жинай аламыз. Біз бұл ақпаратты сипаттамаларыңыз, мүдделеріңіз немесе ұйғарымдарыңыз туралы болжамдар жасау үшін пайдаланамыз және біз сенетін мақсатты жарнамаларды көрсету сізді қызықтыруы мүмкін. Сондай-ақ, біз бұл ақпаратты кейінгі кірумен, сатып алумен немесе жарнамалардың тиімділігін анықтау үшін жарнама берушінің веб-тораптарына қатысу әрекетімен байланыстыруымыз мүмкін.

Сізге көрсетілетін жарнамаларды жекелеу үшін жиналатын ақпараттың біразын пайдаланған кезде, біз жеке тұрғыдан және сізді тікелей анықтайтын деректерге ғана негізделген жарнамаларды таңдау үшін жүйелерімізді құрастырдық. Мысалы, біз белгілі бір мүдде санаттарына қарай көрсетілетін жарнамаларды немесе (а) демографиялық немесе мүдделік деректерге, олардың ішінде жазба (мысалы, жасы, пошта индексі және жынысы) жасалғанда берілетіндерге, басқа компаниялардан алынатын демографиялық немесе мүдделік деректерге және ІР мекенжайынан алынған негізгі географиялық орынға, (b) Майкрософт корпорациясы мен оның жарнама серіктестерінің веб-тораптары мен қызметтерін пайдаланған кезде көрінетін беттер мен басылатын сілтемелерге және (c) Bing сияқты Microsoft интернет іздеу қызметтерін пайдаланған кезде енгізілетін іздеу терминдеріне негізделіп ұсыныс жасалған сегменттерді және (d) Хабарлаушы сияқты Microsoft байланыстар немесе әлеуметтік желі қызметтері арқылы жиі хат алмасатын пайдаланушылар туралы ақпаратты таңдауымыз мүмкін. Жарнамалау мақсаттарының жолдары жөніндегі қосымша ақпаратты алу үшін Майкрософт корпорациясынан жеке жарнамалау веб-сайтына кіріңіз.

Жеке мақсаттағы жарнамаларға қызмет көрсететіндіктен, біз құпиялықты қорғау үшін жасалатын бірнеше қадамдарды орындаймыз. Мысалы, біз байланыс ақпаратымыздан немесе сізді тікелей анықтайтын деректерден (атыңыз, электрондық пошта мекенжайы, т.б. сияқты) жарнаманы бөлек жекелеу үшін пайдаланылатын бет көріністерін, басуларын және іздеу терминдерін сақтаймыз. Кейінірек біз бұл деректердің рұқсатсыз қатынасына жол бермеу үшін жасалған басқарушылық, техникалық және физикалық сақтық шараларын құрдық. Сондай-ақ, біз жекелеген жарнамаларды алып тастау мүмкіндігін сізге береміз. Толық ақпарат алу немесе алып тастау мүмкіндігін пайдалану үшін біздің opt-out page веб-сайтымызға кіруіңізге болады. Осыған қосымша мүшелік компаниялардан жарнамалау мақсатынан бас тартуға болатын бір орын ұсынатын Желілік жарнамалау бастамасы веб-сайтына өтіңіз.

Сондай-ақ, үшінші тараптың жарнамасын біздің Атлас көмекші құралымыз арқылы береміз, Атлас құпиялық туралы мәлімдемесін http://www.atlassolutions.com/privacy-policy веб-сайтынан оқуыңызға болады.

Microsoft тораптарындағы желідегі жарнамалардың көпшілігін Microsoft көрсеткенімен, біз үшінші тарап жарнамасына қызмет ететін компаниялардың, олардың басқа жарнама желілерінің веб-тораптарымызда жарнамаларды көрсетуіне де мүмкіндік береміз. Берілген компанияларда ағымда мына веб-сайттарды қамтиды: 24/7 Real Media, Advertising.com, Bluestreak, Burst Media, DoubleClick, EuroClick, Eyeblaster, EyeWonder, Interpolls, Kanoodle, Mediaplex, Pointroll, Yahoo! Publisher Networkжәне Zedo алайда оларға шектеу қойылмаған. Осы компаниялардың кейбіреуі мүшелік компаниялардың жарнамалау мақсатынан бас тартуға болатын бір орын ұсынатын Желілік жарнамалау мақсатының мүшесі болып табылады.

Берілген компаниялар өздерінің «cookie» файлдарына негізделген жарнама мақсатынан бас тарту жолын сізге ұсынуы мүмкін. Жоғарыда берілген компания аттарын басу және әрбір компанияның веб-сайттарының сілтемелерін кіру арқылы қосымша ақпаратты табуға болады. Осы компаниялардың кейбіреуі мүшелік компаниялардың жарнамалау мақсатынан бас тартуға болатын бір орын ұсынатын Желілік жарнамалау бастамасыe мүшесі болып табылады.

Берілген Құпиялық туралы мәлімдемесіне өзгертулер жасау

Біз кейде бұл құпиялылық мәлімдемесін жаңарта аламыз. Орындаған кезде, біз осы мәлімдеменің жоғарғы жағындағы «соңғы жаңартылған» мерзімін де тексереміз. Берілген құпиялық туралы мәлімдемесіне енгізілген материалдық өзгерістер үшін біз Веб-сайтымыздың басты бетінде байқалатын ескертуді орналастыру арқылы немесе хабарландыруды тікелей жіберу арқылы сізге хабар береміз. Біз жиналатын жеке ақпаратты қорғауға қалай көмектесетініміз туралы хабардар болу үшін осы құпиялылық мәлімдемесін уақтылы қарап отыруыңызға мәжбүрлейміз.

Байланыс ақпараты

Майкрософт корпорациясы осы құпиялық туралы мәлімдемесіне қатысты түсініктемелеріңізді қабылдайды. Егер сіздің осы мәлімдеме туралы сұрақтарыңыз болса немесе ол туралы біз хабарсыз деп ойласаңыз, электрондық хат жіберу үшін Веб-сайттағы Бізге хабарласу бетіне кіріңіз немесе мына менкежай арқылы хабарласыңыз:

Microsoft Privacy

Microsoft Corporation

One Microsoft Way

Redmond, Washington 98052

USA

+1 (425) 882-8080